ru24.pro
World News
Сентябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Құстар туралы жұмбақтар

0

Қанатында саусағы,Қараңғы түн аусары.
Жабысатын жар тасқаБұл қандай нар қасқа? (Жарқанат)

Жұдырықтай шұбар құс, Мекені – қыр, жұпар түз.
Дыбыс шықса, тыпырлап,Ұшатын не бытырап? (Шіл)

Қарап тұрсаң түріне, Буып қойған дорбадай.
Сүңгіп мұхит түбіне,Мұзда жүрер жорғалай.
Тап, мақұлық бұл қандай? (Пингвин)

Қулығын асыратын,Жұмыртқасын өзі баспай, Басқа ұяға жасыратын, Өзін-өзі шақыратын,Оңайға бас ұратын, қай құс? (Көкек)

Жем көрсе,
Шықылықтап қалбаңдайды.
Ол қай құс,
Ешқашан да алданбайды? (Сауысқан)

Тұмсығымен соққылап,Зиянкесті іздейді.
Ағаш діңін бақылап,Тұмсығымен емдейді,Сосын көңіл демдейді. (Тоқылдақ)