Домбыра туралы өлеңдер
Домбыра
Екі ішектің бірін қатты,Бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды,Содан сұра тек қана:Одан асқан жоқ шежіре,Одан асқан жоқ дана.
Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын,Деп бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын.
Жалған сөйлеп көрген емес соның өзінде:Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде.
Қадыр Мырза Әлі
***
Домбыра, сенде мін бар ма?
Мінсіз болсаң — тіл бар ма?
Тіл жоқ деуге бола маТілден анық үн барда?
Домбыраның, күші молКөмейінде күй барда!
Сылдыр-сылдыр
Cap қамыстан
Төгілді жыр,Өрді алыстан.
Келді жақын сең қағысқан,...