ru24.pro
World News
Август
2024

Қобылан ақынның ұрыларға айтқаны

0

Тағы Қобылан ақын жатақта жатып, тауын көріп қайтамын деп келсе, күндіз ыстық, сары маса жүргізбей, кешірек жетіп, іңірде шаттың ішінен, ағаштың арасынан баспа қып, екі ұры алдынан дүрсе қоя береді.

— Жұм көзіңді, кімсің? — деп. Сонда тұра қалып, қорықпастан, саспастан мынау өлеңді айтыпты:

Кім екенін білмеймісің келбетімнен,Құдай, Құран, Мұхаммед үмбетімін.
Кісі өлтіріп, жазықсыз ерді тонап,
Тəңірі алдына барасың, антұрған, не бетіңмен? —

деп айтқан соң, ұрылар атының басын тартып тұра қалып, — қой, мынау, Қобылекең екен, осыдан аулақ-ақ тұрайық, — деп жүріп кетіпті.

* * *

Қобылан ақын — өте кедей болған адам. Жайлауға елмен бірге көше алмайды....