ru24.pro
World News
Август
2024

Қыздың жұмбағы

0

Ертеректе жасы тоқсанға келген бір хан елінің аса көрікті жас қызына көңілі ауып, сол қызды жар етпек оймен құда түсуге адамын жіберіпті. Қыздың әке-шешесі жаушыдан хабарды естіп, не деп жауап беруге сөз таба алмапты. Сонда қыз хан жаушыларына жұмбақтап былай деген екен:

— Менің құным — он қозы, жиырма бөрі, отыз нар, қырық ардагер, тоқсан дорба.

Қыздың бұл жұмбағын құда түсуге барғандар ханға айтып келеді. Бұны хан да, нөкерлері де шеше алмапты. Кейін сол елдің бір ділмар шешені былайша шешкен екен:

— Он қозы дегені — адам он жасында секірген қозыдай болады. Жиырма жасында қайтпас қасқырдай, отызда толысып, нардай болады...