ru24.pro
World News
Август
2024

Ұннан майға қуырып пісіретін тағам түрлері

0

Дөңгелек — жылы суға айран, сорпа қосып иленеді. Оқтаумен қалыңдығы 1 см болатындай етіп, жайылып, табаға қуырады. Кейбір аймақтарда дөңгелекті қалаш деп те атайды.

Ләйлек — қаймағы алынбаған сүтке жұмсақ етіп иленіп, табаға қуырылады.

Бәтер — ашыған айранға 1 ас қасық қант, аздап тұз, сары май қосып илеп, табаға жауып пісіреді.

Шелпек — шикі сүтке иленеді, жұқа жайылып қазанда қызып тұрған майға салып бірден аударып, қатырып жібермей алынады.

Қабыршақ шелпек — май құйып иленген қамырды жайып арасына жұмсартылған сары май кезектерін салып, бірнеше қабаттап қайта жаяды. Кәудірлетіп қуырады.

Май шелпек — сары майға иленіп, қалыңдау етіп жайылады. Қазандағы майды қатты...