«Қазақ» халқының шығуы туралы...(V нұсқа)
Бір заманда бір патшаның қызы түсінде ахтылам (үйлену) болып, жүкті болып қалады. Себепсіз жүкті болып қалғандықтан, атасынан қорқып, бұл сырды дәйесі мен қызметкер қызға білдіреді.
Олар: «Иә, сенің пәк, таза екендігіңе куәлік берсек, жағдай қиын болады. Енді бұның бір шарасы, басқа бір тарапқа қашпақ-дүр. Онда сені жалғыз қашырып, өзіміз қалғанымызбен біздерге амандық болмас», — деп, бұлар күтіп алғандарға азық-түлік алып, алтын-күміс алып тауға қашады.
Бұларға бір жерге барып тоқтағанда, бір аңшы үш киік баласын ұстап алып, байлап қойып, енесін ұстау мақсатымен тұрғанда қыздарға жолығып қалып, хал-ахуалдарын сұрапты. Сонда қыздар шын сырларын баян қылыпты. Сонда аңшы жүкті патша қызымен қосылып тұруын...