ru24.pro
World News
Июль
2024

Алса–бермес пен Берсе–қоймас

0

Баяғы өткен заманда Алса-бермес, Берсе-қоймас деген екі қу болыпты. Оның аты айтылу себебі олай деп, бір кісіден алған затын түк бермейді екен, сол үшін оны Алса-бермес қойған. Берсе-қоймас ол біреуге бір зат берсе, алмай қоймайды екен. Сол үшін аты солай болыпты. Екеуінің де дабысы жер жүзіне жайылыпты. Бір күні Бағадат шәрінде Алса-берместі естіп, соған Берсе-қоймас бармақ болып, көз жанарын тартарлық етіп, түрлі алтын сапты кездік соқтырады.

— Барып, үйіне қонғанда, көрсетейін, сұраса, берейін, — деп, соны алып, бірнеше күн жол жүріп, Алса-берместің үйіне іздеп келіп, қонады. Тамақ ішіп-жеп болған соң түрлі кездікті жайып салып, көрсете бастайды. Көріп-көріп, сұрамай қойды. Ертеңіне...