ru24.pro
World News
Июль
2024

Еріксіз балгер

0

Ілгергі заманда бір шал бар еді. Оның бір жас қатыны бар еді. Ол қатынның ойы шалдан шығып, бір жас жігітке тимекші еді. Бір күндері шал қатыныменен моншаға барады. Моншада өздерінің үстіне қатық жағып, жалаңаштанып отырған уақытта бір жігіт келіп, «Патшаның бәлгерінің қатыны келеді, моншада адам болса, шықсын», — дейді. Сөйтіп, бұларды қатық сүрткен бойынша жуындырмастан моншадан айдап шығады. Үйге келген соң ыза болғаннан қатын шалға айтады:

— Дүниеде патшаның балгері зор екен, сен бал үйреніп, патшаға балгер бол. Болмаса, сенен шығып, патшаның балгеріне тиемін, — дейді. Бұ қарт бал ашуды бұрын еш білмейді екен. Қатынының бұл сөзіне қайран болып, амалсыз...