Көктелпек, Жамантелпек
Ол бір заманда Көктелпек, Жамантелпек дейтін ұрылар болыпты. Көктелпек — әкесі, оның баласы — Жамантелпек.
— Әке, сенің ұрлыққа шеберлігің қандай? — депті Жамантелпек.
— Не қандайын сұрайсың, балам, мен ұя басқан сауысқанның астынан жұмыртқасын сездірмей аламын, — депті Көктелпек.
Көктелпек тау басындағы ұя басып жатқан сауысқанның жұмыртқасын ұрлауға өрмелегенде, баласы әкесінің станын ұрлап алып қалады.Қайтып келіп, Көктелпек баласына:
— Қалай, ұшырмастан сауысқанның астындағы жұмыртқасын ала алдым, — деп, мақтана сөйлейді. Баласы да:
— Я, сіз өте шебер екеніңіз рас, ал мен сіздің станыңызды қалай білдірмей алдым, — дегенде, Көктелпек өз бойына қарап, киімінің жоқ екенін көріп, ұялып:
—...