Ормандағы оқиға
Жұрт бетін көрер дәрмен жоқ тобылғы өзінен-өзі ұялып, қып-қызыл болып, орманнан аластатылып, айдалада бұғып қана тіршілік ететін болды.
Сылдырлап аққан бұлақтың екі жағасында екі ағаш өсіп тұрды. Бірі — ақ қайың, екіншісі — қарағаш. Олар үнсіз сырласып, желді күні бұтақтарын иіп, сыбырласатын достар еді.
Түн. Ақ қайыңның түбіне томпаң қағып, тобылғы келді.
— Жай жүрмісің? Мезгілсіз келдің ғой, — деді қайың.
— Дабырламаңыз, сізге бір шындық айтқалы келдім, — деп тобылғы томпаң қағып, қайыңның тамыр тартар түбіріне сыбырлады.
— Сіз көршіңіздің сырын білмейсіз. Оның түсі қандай қара болса, іші де, ниеті де сондай. Сондықтан да ол қарағаш атанған. Сіз қалғып...