ru24.pro
World News
Июль
2024

Қонақбай батыр

0

Ыстықкөл қырғыздарының атақты бір бай адамы Батырқан қажы қыз ұзатпақшы болып үлкен той жасайды. Жапсарлас жақын тұрғандықтан бұл тойға Албан елінің бірқанша атақтылары да шақырылады. Ауыл-аймағына жаңадан көрініп, таныла бастаған Қонақбайдың жас кезі екен, ол да бірге келіпті. Әрине, дүбірлі той болған соң неше түрлі ойын-сауық қоса көрсетілмек. Балуан күрестіру басталар шақта той иесі: «жыққан бас балуанға жиырма тайлық бәйгесі бар» деп жұртқа жар салады. Әр ру-ұлыстың балуандары өзара күш сынасады. Соңына таман қырғыздар өздерінің жардай биік дәу балуанын жетелеп әкеп ортаға шығады да:

— Кәне, Албан ағайындар, сендерден ешкім күреске шықпады. Біз сендерді қымыз ішіп, ет жесін деп шақырғанымыз...