ru24.pro
World News
Май
2024

Саятшы жабдықтары

0

Саятшы құрал-жабдықтардың барлығы да аса қажеттіліктен шыққандығын әркім-ақ біледі. Олардың қандай роль атқаратындығын, неден жасалатындығын және әрқайсысының атаулары бар.

Томаға

Қыран құстардың екі көзін саңылаусыз жауып тұратын құсбегілердің саят құрғандағы негізгі құрал-жабдықтарының бірі. Жұмсақ қалың былғарыдан ыңғайлы етіп тігіледі. Көбіне күміспен немесе табиғи тастармен көмкеріледі

Бүркітті баптап-баулу үшін, оның бала-шаға, итке, құсқа, қызылға ұмтыла бермеуі үшін және жақындағанды шап беріп бұру қаупінен сақтану үшін томағалайды. Сондықтан, қолдағы бүркіт өз төңірегіндегі қызылды-жасылдан, өз ортасынан аз да болса бөлектенеді. Құстың томағасы аңға жіберілген кезде сыпырылады. Томаға құстың басын қыспайтын, қажамайтын, көз жанарын баспай, саңылаусыз жабатын, құстың басынан түсіп қалмайтын етіп жасалады. Томағаны...