Жанақ пен Рүстем
Жанақ ақын пен Рүстем төре туралы әңгіме. Жанақ ақын ел аралап, өлең айтып жүргенде, «Балқаштың арғы бетінде Рүстем деген төре бар, өзі салтанатты, жомарт» деп естіген соң жанына бір жолдас алып, Рүстемнің еліне барады. Сұрастырып отырып, төренің ауылына келсе, маңайында мал дегеннен тышқақ лақ жоқ, жанында қара лашығы бар бір үлкен ақбоз үй тұр.