Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентінің атынан ұйымдастырылған мемлекеттік қабылдауға қатысты
ҚР Презхиденті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентінің атынан ұйымдастырылған мемлекеттік қабылдауға қатысты.
Мемлекет басшысының құрметіне орай Франция Президенті Елисей сарайында мемлекеттік қабылдау өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макрон мен оның зайыбы Бриджит Макронға қазақ делегациясына ерекше қонақжайлық көрсеткені және достық пейілдері үшін ризашылық білдірді.
Мемлекеттік қабылдауға Францияның Үкімет мүшелері, белгілі саясаткерлер, іскерлік топ, ғылым және дипломатия өкілдері, сондай-ақ екі елдің көрнекті мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылды.
Айта кетейік, бұған дейін Президенттің Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барғанын жазғанбыз.
Сонымен қатар, Kazinform тілшісі Қазақстан мен Франция қарым-қатынасының нығаюын жан-жақты қамтып көрді.
Елисей сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Қазақстан мен Франция Президенттері Бірлескен декларация қабылдады.
Сонымен қатар Эмманюэль Макрон Қазақстан Президентінің Францияға сапары туралы жазба жариялады.
Президент Францияға сапары туралы «Ыстық ықыласқа ерекше тәнті болдым» деп жазды.
Сообщение Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентінің атынан ұйымдастырылған мемлекеттік қабылдауға қатысты появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.