ru24.pro
Zhambylnews.kz
Сентябрь
2024
1 2
3
4
5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25 26
27
28
29
30

«Ауыл – Ел бесігі»: Жамбыл облысында 237 жоба іске асырылуда

0

Жамбыл облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 128 нысан пайдалануға берілді. Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте айтылды.

Күн тәртібінде өңірдің 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен «Ауыл – Ел бесігі» жобасының орындалу барысы қаралып, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева баяндама жасады.

Биылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында өңірдің экономикалық өсімі 4,1 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үй, сауда, көлік және байланыс салаларында өсім байқалады.

Негізгі капиталға 277,8 млрд.теңге инвестиция тартылды.

Ауыл шаруашылығы саласында 204,1 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Аймақта егін жинау науқаны қарқынды жүргізілуде. 20 қыркүйекке дейін 10 мың техниканың көмегімен 352,9 мың гектар жерден 586,4 мың тонна дәнді дақылдар, 60,4 мың тонна картоп, 269,8 мың тонна көкөніс, 132,6 мың тонна бақша дақылдары жиналды.

153,2 млрд.теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілді. 392,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (жоспар – 750 мың ш.м.).

Бұдан бөлек, қаржы басқармасының басшысы Батырхан Әкек облыс бюджетінің орындалуы туралы мәлімдеді.

Басқосуда әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері төмен қалыптасқан Тараз қаласы мен аудан әкімдері есеп берді. Бұдан бөлек, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев, цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Руслан Ноқрабеков күтілетін нәтижелер бойынша сөз алды.

Ербол Қарашөкеев әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, сонымен бірге бюджет қаражатын тиімді әрі уақытылы игерілуі бойынша жан-жақты шаралар қабылдап, мәселені тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Аппараттық кеңесте «Ауыл – Ел бесігі» жобасының орындалу барысы қаралды.

Биыл жоба аясында 112 елді мекенде 237 жобаны іске асыруға 21,4 млрд.теңге қарастырылды. Бөлінген қаржыға әлеуметтік нысандардың, су, жылу, газ және электр желілерінің құрылысын жүргізу, қайта жаңғырту, сондай-ақ ауылішілік көшелерді жарықтандыру мен орташа жөндеу көзделген.

8 айдың қорытындысы бойынша 128 жобаның жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Жалпы, 2019-2023 жылдары аралығында 167 елді мекенде 755 жоба жүзеге асып, тұрғындарды әлеуметтік игіліктермен қамту деңгейі 54,8-ден 69 пайызға дейін жеткізілді.

Облыс әкімі «Ауыл – Ел бесігі» жобасының маңыздылығына тоқталып, құрылысы кестеден кешіккен нысандар бойынша аудан басшыларынан жауап алды. Ол қолға алынған жобаларды жандандырып, бекітілген кестеге сәйкес, сапалы жүргізуді талап етті.

Сообщение «Ауыл – Ел бесігі»: Жамбыл облысында 237 жоба іске асырылуда появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.