ru24.pro
Zhambylnews.kz
Сентябрь
2024
1 2
3
4
5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25 26
27
28
29
30

Қазақстанда мал саны ғана емес, құс саны да қолдан көбейтіліп келген

0

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта елдегі мал санын қолдан көбейтіп жазған өңірлерді атады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында елдегі малдың саны қолдан көбейтілгенін атап, құжаттағы 5 млн бас малдың өмірде жоқ болып шыққанын айтқан болатын.

«Бөлінген қаражаттың бәрі тиімді жұмсалуға тиіс. Алайда шындыққа жанаспайтын ақпарат беру, басқаша айтқанда, мәліметтерді бұрмалау ауыл шаруашылығындағы шынайы ахуалды бағалауға кедергі келтіріп отыр. Арнайы комиссия 2 миллион ірі қара және 3 миллионнан астам уақ мал санда бар, санатта жоқ екенін анықтады. Егін шаруашылығы саласында да осындай жайттар бар екені белгілі болды. Шын мәнінде, мұның бәрі – мемлекеттен субсидия алу үшін жасалған көзбояушылық. Ондай қылмыстық әрекеттерге тосқауыл қою қажет. Ал, мұндай іспен айналысқан адамдарды жауапкершілікке тарту керек», — деді Мемлекет басшысы.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің мәліметіне сүйенсек, республикадағы құстың саны да қолдан көбейтіліп келген.

«ҚР Премьер-министрінің орынбасары С.М. Жұманғариннің тапсырмасы бойынша ауылдық елді мекендердің әкімдері 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша электронды шаруашылық есепке алудың жаңартылған өзекті деректерін ұсына отырып, ауыл шаруашылығы жануарларының саны бойынша шаруашылық есеп деректерін нақты көрініске келтірді.

Өз кезегінде, Бюро статистикалық мақсаттар үшін шаруашылық бойынша есептің жаңартылған әкімшілік деректері негізінде шаруа/фермер қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарға қатысты 2022, 2023 жылдарға арналған мал басының жекелеген көрсеткіштеріне қайта есептеу жүргізді.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығының мал басы бойынша ЭШБЕ (электрондық шаруашылық бойынша есеп) деректерін өзектендіру нәтижесінде келесідей өзгерістер байқалды: (ағымдағы статистика деректерімен салыстырғанда) ірі қара мал 23%-ға, қой – 14%, ешкі – 20%, шошқа – 34%, үй құстарының саны 22%-ға азайған», — деп жазады агенттік мамандары.

Агенттік ұсынған кестеге сүйенсек, ірі қараның санын асырып көрсеткен өңірлердің қатарын Түркістан облысы бастап тұр. Нақтырақ айтсақ, әкімдіктің құжаттарында тіркелген 1 млн 21 мың 323 ірі қараны қайта есептеген кезде, нақты жағдайда 735 мың 300 ірі мал бар екені анықталған.

Фото: Kazinform

Ал қойдың санын Алматы, Жамбыл облыстары шектен тыс асырып жазып келген. Алматы облысының құжаттарындағы 2 млн 243 мың 131 қойдың 482 мың 402-сі қолдан қосылған. Ал Жамбыл облысында 2 млн 755 мың 284 қойдың саны құжатта 3 млн 366 мың 312 етіп көрсетіліп келген.

Фото: Kazinform

Сообщение Қазақстанда мал саны ғана емес, құс саны да қолдан көбейтіліп келген появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.