ru24.pro
Zhambylnews.kz
Сентябрь
2024
1 2
3
4
5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25 26
27
28
29
30

Түркістан облысында мақта терімі басталды

0

Жетісайлық шаруалар биыл қытайлық «60» деген мақта сортын еккен болатын. Бір ерекшелігі мақтаның бұл түрінің талшығы көп, шиті аз. Тіпті құрт жемейді.

Жетісай ауданында мақта терім науқанын алғашқы болып бастағандардың бірі «Айдар» шаруа қожалығының төрағасы Ербол Айтуғанов. Ол иелігіндегі 14 гектар жерге қытайлық «60» сортының шитін сепкен. Биыл шаруа гектарынан орта есеппен 50 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр. Себебі, бұл сорттың бұған дейінгі мақта сорттарына қарағанда талшығы көп, шиті аз. Агротехникалық шаралары дұрыс жүргізілсе мол өнім алу мүмкіндігі де жоғары.

Фото: Бауыржан Найманов

«Ағын судан, минералды тыңайтқыштардан биыл қиындық көрмеуіміздің нәтижесінде өнімділік жақсы. Алдын біз „Сұлтан“, „Мақтаарал“, „Бұқара“ деген сорттарды егетін едік. Өнім 20-25 центнерді құрайтын. Ал, қалғанын құрт жейтін. Биыл Қытайдың „60“ деген сортын ектік. Мол өнім алып жатырмыз», — дейді Ербол Айтуғанов.

Фото: Бауыржан Найманов

Биылғы жылы Жетісай ауданындағы 79,3 мың гектар суармалы жердің 40,8 мың гектарына мақта шиті егілген. Қазірдің өзінде өңірде 200 тоннаға жуық мақта терілді. Науқанға 715 трактор мен 897 трактор тіркемелері, 232 мақта терім машиналары жұмылдырылып отып.

Фото: Бауыржан Найманов

Өткен жылы 122 мың тонна ақ ұлпа жинаған жетісайлық шаруалар биылғы жылы да сол межені орындауға ниетті. Өйткені, өнім сапасын арттырып, ағын суды үнемдеудің тиімді технологиясы саналатын тамшылатып суғару әдісі биылдың өзінде 2 мың гектарға артқан.

Фото: Бауыржан Найманов
Фото: Бауыржан Найманов
Фото: Бауыржан Найманов

Оның 300 гектардан астамы мақта дақылын өндірушілердің еншісінде

Сообщение Түркістан облысында мақта терімі басталды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.