ru24.pro
Zhambylnews.kz
Июль
2024
1
2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ербол Қарашөкеев азаматтарды қабылдады

0

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кезекті мәрте азаматтарды қабылдады. Бұл жолы аймақ басшысына мәселесін көтеріп 10 азамат келді. Олардың қатарында Тараз қаласы мен Меркі, Талас ауданының тұрғындары бар. Қабылдауға жазылған азаматтардың басым бөлігі баспанамен қамту мәселесін көтеріп, шағымын айтты. Сондай-ақ тұрғындар суармалы су тапшылығы, қоғамдық көлік қатынасын реттеу, балалар ойын алаңшасы мен жол салу, учаскелік […]

Сообщение Ербол Қарашөкеев азаматтарды қабылдады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кезекті мәрте азаматтарды қабылдады. Бұл жолы аймақ басшысына мәселесін көтеріп 10 азамат келді. Олардың қатарында Тараз қаласы мен Меркі, Талас ауданының тұрғындары бар.

Қабылдауға жазылған азаматтардың басым бөлігі баспанамен қамту мәселесін көтеріп, шағымын айтты.

Сондай-ақ тұрғындар суармалы су тапшылығы, қоғамдық көлік қатынасын реттеу, балалар ойын алаңшасы мен жол салу, учаскелік полиция инспекторының жұмысын жүйелеу бойынша өтініштерін білдірді. Жұмыспен қамту, тұрғын үй сапасы және тағы басқа мәселелерді көтеріп, шешіп беруді сұранды.

Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев барлық мәселеге зер салып, заң талаптарына сәйкес жауап берді. Жауапты тұлғалар да келіп түскен сауалдар бойынша өз ұсыныстарын айтты.

Айта кетейік, қабылдауда көтерілген мәселелер толық зерделеніп, шешімі табылғанша облыс әкімінің бақылауында болады.

 

Сообщение Ербол Қарашөкеев азаматтарды қабылдады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.