Трамп жеңісінен кейін Байден америкалықтарға мәлімдеме жасады
АҚШ президенті Джо Байден демократиялық партия сайлауда жеңіліп, республикашыл Дональд Трамп президент ретінде сайланғаннан кейін америкалықтарға мәлімдеме жасады.
Байден өз сөзінде Трампты сайлаудағы жеңісімен құттықтағанын жеткізіп, билікті бейбіт жолмен тапсыру демократияның темірқазығы екенін атап өтті.
"Еліміздің таңдауын қабылдаймыз. Еліңді тек жеңіс сәтінде сүйе алмайсың, жақыныңды сенімен келіскен кезде ғана сүюге болмайды" деді Байден.
Президенттің сөзінше, Американың сайлау жүйесі әділетті, әділ әрі ашық және оған сенуге болады.
"Сәтсіздіктерден қашып құтыла алмайсың, бірақ берілуді кешіруге болмайды" деді Байден.
6 қарашада вице-президент, демократтар атынан президент сайлауына түскен Камала Харрис Трампқа ауыспалы кезеңде көмектесуге уәде берді. Дегенмен ол Трамптың ел болашағына қатысты жоспарын қабылдауға дайын емес екенін айтты.
Трамптың сайлауалды штабының өкілдері Байден оны Ақ үйге шақырғанын хабарлады.
Трамптың жеңісі Америка қоғамында азаматтардың елдің экономикалық ахуалына көңілдері толмайтынын көрсеткен. Атап айтқанда, инфляцияның өмір сапасына әсері, шекарадағы қаауіпсіздік және елдің даму бағыты деп жазды "Америка дауысы" сайты.
Сәрсенбі күні Харрис демократтарды күресті әрі қарай жалғастыруға үндеді.
5 қараша күнгі дауыс беру нәтижесінде сенаттағы орындардың басым бөлігін республикашылдар иеленді. Алайда Конгрестің төменгі палатасын кім иеленітіні әзірге белгісіз – кейбір сайлауалды кампаниялар аяқталмаған.
Трамп "құбылмалы" дейтін жеті штаттың бесеуінде жеңіске жетті. Қалған Аризона мен Невадада да алда келеді – бұл екі штатта дауыс санау әзірге толық аяқталмаған, деп жазды "Америка дауысы" сайты.