Қазақстан мен Қытай арасында су бөлінісі бойынша келіссөз жалғасып жатыр
Қазақстан мен Қытай трансшекаралық өзендер суын бөлісу бойынша келіссөзді жалғастырып жатыр. Бұл жөнінде Қазақстан су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.
"Басты мақсат - Іле-Балқаш бассейнін сумен тұрақты қамтамасыз ету, балық шаруашылығы мен туризмді дамыту" деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Бұған қоса, тараптар "Қазақстанның су инфрақұрылымын бірлесіп жаңғырту және автоматтандыру, су үнемдеу технологияларын әзірлеу мен енгізу, сондай-ақ Қытайда қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру мәселелерін" талқылаған. Екі жақ қазақстандық мамандарды Қытайда біліктілік арттыру курстарынан өткізу туралы келісімге келген.
Қазақстан мен Қытай 20 жылдан астам уақыттан бері су бөлінісі бойынша келісімді талқылап келеді. Әзірге келісім жасалған жоқ. Су мамандарының сөзінше, Қытай әлемде ешбір елмен су келісімін жасамаған.
"Бұл маңызды келісім. Бұл келісім Балқаштың деңгейін Балтық деңгейімен есептегенде 341 метр белгіде ұстап тұруға, экологиялық жағдайын сақтап тұруға кепілдік береді. Қазақстан мен Қытай арасында трансшекаралық 24 өзен бар. Солардың ішінде бірнеше өзен бойынша бұрын қол қойылған. Мысалы, Сүмбе, Қорғаспен келісім бар. Ал мына келісім бүкіл трансшекаралық өзендердің жағдайын қамтитын ең басты маңызды құжат. Дәл мұндай құжатты Қытай ешкіммен жасамаған. Моңғолиямен амалсыз жасаған, себебі судың басы Моңғолияда. Басқа шекаралас елдермен ешқандай келісім жасалмаған" дейді су маманы Құралай Яхия.
Бұл жуырда өткен АЭС бойынша референдумнан кейінгі екі жақтың су мәселесі бойына алғаш рет басқосуы. Су мамандарының сөзінше, бұған дейін Қытай жағы Балқаштың экологиялық жағдайын сақтап тұруды қолдаған.
Мамандар Қазақстанның АЭС салу туралы шешімі келіссөз барысына әсер етпейді деп үміттенеді.
Су маманы Құралай Яхия АЭС-ті Балқаштың тұщы суы орналасқан Үлкен ауылы жағына салуды қолдамайды. Оның пікірінше, станцияны тым болмағанда Абай облысы жағына қараған ащы суы бар жаққа салған дұрыс. Ең абзалы – Курчатов.
"Себебі Курчатовтың суы тұзды, бұрыннан экологиясы бұзылған. Таза Балқашты қатерге тігудің қажеті жоқ деп санаймын" дейді су маманы.
Қазақстанда 6 қазанда АЭС салу бойынша референдум өтті. Оның ресми нәтижесі бойынша, атом станциясын салуды дауыс берушілердің 71 пайызы қолдаған.
АЭС салуды жақтайтындар негізінен энергия тапшылығын алға тартса, АЭС-ке қарсылар атом станциясының қоршаған ортаға әсері мен өзге елдің технологиясына тәуелді болып қалу қаупі барын айтты. Кей адам станцияны Ресейдің салуына қарсы шығып, бұл Мәскеуге кіріптар ете түседі деген уәж келтірді.