Ұлттық банк басшысы теңгенің құнсыздануын мұнай бағасының төмендегенімен байланыстырды
Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің құнсыздануы мұнай бағасының төмендегенімен ішінара байланысты деп мәлімдеді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов.
"Экономикамыз мұнайға қатты тәуелді, ал мұнай нарығында едәуір тұрақсыздық байқалады. Кейінгі аптада мұнай бағасы 80 доллардан 71,5 долларға дейін түсті. Әрине, бұл валютамыздың бағамына әсер етпей қоймайды", – деді Сүлейменов 30 қазанда парламент үйінде.
Оның айтуынша, заңды тұлғалардан валютаға сұраныс артуы – оның бағамына әсер ететін тағы бір фактор. Сүлейменов жыл аяғына қарай сатып алу, тендер, аукциондар өтеді, түрлі инвестиция және инфрақұрылым жобаларына бөлінген қаржы игеріле бастайды, мұндай жобалар импортқа қатты тәуелді болғандықтан, валютаға сұраныс артып келеді деді.
"Мұны валюта биржасындағы сауда көлемі дәлелдейді: ол қазір күніне шамамен 290 миллион [доллар], дегенмен орташа шамасы 200 миллион болуы керек. Яғни, биржадағы сауданың орташа шамасынан 30-40 пайыз артық", – деді Ұлттық банк басшысы.
Сүлейменов құнсызданып бара жатқан Ресей рублінің факторы туралы айтқан жоқ. Қазақстан Ресеймен Еуразия экономика одағына (тағы Беларусь, Қырғызстан, Армения бар) мүше. Ресейден әкелінетін тауарлардан кедендік баж алынбайды. Арзан рубль Ресей өнімдерін арзан етеді, Қазақстанның қаржы билігі әдетте отандық тауарлар Ресей тауарларымен бәсекеге түсуі үшін 1-ден 5-ке дейін (бір рубль = бес теңге) астыртын тепе-теңдікті ұстауға тырысады.
29 қазанда қаржы нарығында бір доллардың бағамы 491,35 теңгеге жетті. Америкалық валюта күніне 3,04 теңгеге, айдың басынан бері 10,24 теңгеге қымбаттады.