ru24.pro
Azattyq.org
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

АҚШ Израильден Газа секторына көмекті арттыруды талап етті

0
АҚШ Израильге Газа секторына гуманитарлық көмекті арттыру қажеттігі жөнінде ескерту жіберді. Ақпаратты АҚШ мемлекеттік департаменті растады. 


BBC ақпарат агенттігінің жазуынша, АҚШ Израиль үкіметіне көмекті арттыруға 30 күн берген, шарт орындалмаған жағдайда Вашингтоннан келетін көмек көлемі қысқаруы мүмкін. 


АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Мэтью Миллердің сөзінше, ескерту жеке дипломатиялық хат алмасу ретінде рәсімделген.


Миллер қазіргі кезде Газа секторына "өте төмен дәрежеде" көмек жеткізіліп жатқанын айтып өтті. 


АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Израиль алдағы уақытта Газа секторына "гуманитарлық көмекті күрт арттырып", Вашингтонның ұсынысын орындайды деп үміттенетінін де жеткізді.