ru24.pro
Azattyq.org
Июль
2024

"Өтемақы сұрап жүргенімізге екі ай болды". Тасқыннан зардап шеккен атыраулық шаруалардың талабы

0
Биыл көктемде Жайық өзені тасығанда Атырау қаласы маңында және Индер, Махамбет аудандарында ондаған шаруа қожалығын су басты. Қыстағы, жайылымы мен шабындық жері, үй-қорасы, егіні мен малы суға кеткен фермерлер шығынға қатты батты. Табыс көзінен айрылған шаруалар кейінгі екі айдан бері жергілікті әкімдіктен өтемақы талап етіп жүр.