Мамырда Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жобасы енгізіледі - Дәурен Абаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мамыр айында Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жобасын енгізеді. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында аталған министрліктің басшысы Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.