Сағадиев балабақшалардағы орын тапшылығының басты себебін атады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы 4 жылдың ішінде 3-6 жастағы балалар 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамтылады. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.