Прокуратура жылу тарифінің заңсыз көтерілуіне жол бермеді
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 2017 жылдың басынан «Қарабұлақжылу» МКК Алматы облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылына жылу беру қызметі үшін тарифті көтерген болатын. Осыған байланысты Ескелді ауданының прокуратурасы баға көтерудің негізділігін және «Табиғи монополиялар туралы» ҚР заңының сақталуын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.