Астаналық хаб арқылы Орталық Азия өңіріне ЭЫДҰ стандарттарын енгізу жалғасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) мемлекеттік қызмет саласындағы өзінің стандарттары мен принциптерін Астаналық хаб арқылы Орталық Азия өңіріне енгізуді жалғастырмақ ниетте. Бұл туралы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб басқару комитетінің төрағасы Әлихан Байменовтің Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мемлекеттік басқару және аумақтық даму мәселелері жөніндегі директоры Рольф Алтермен кездесуі барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.