ru24.pro
Новости по-русски
Декабрь
2016

1993 жылдан бері онкогематологиямен ауырған 10 мың бала емделді

0

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1993 жылдан бастап Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының онкогематологиялық бөлімінде ауыр онкогематологиялық аурумен сырқаттанған 10 мың бала тексеріліп, емделді. Оның ішінде 0-18 жас аралығындағы алғашқы диагнозы жіті лейкоз деп анықталған 3 мың бала 75%-да толық клиникалық-гематологиялық ремиссияға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметі.