ru24.pro
Новости по-русски
Декабрь
2016

Ненад Эрич: «Астанамен» келісімім желтоқсанның 31-і аяқталады»

0

«Астананың» қақпашысы Ненад Эрич Prosports.kz сайтына берген сұхбатында мансабын қайда жалғастыратынын әлі шешпегенін айтты. 

- Ненад, ел чемпионатының регламентіне кішігірім өзгерістер енгізілді. Сіз бұдан былай «қазақ футболының түлегі» екенсіз. Яғни, Қазақстандағы мансабыңыз ары қарай да жалғаса бермек? 

- Әрине, бұл шешім мені қуантты. Егерде ойыншы Қазақстанда 5-6 жыл ойнаса, неге «қазақ футболының түлегі» болмасқа? «Астана» сапындағы мансабым әзірге белгісіз. Менің елордалық клубпен келісімім желтоқсанның 31-і аяқталады. Мен «Астананың» басшылығымен жылы қарым-қатынастамын. Жақын күндері бәрі белгілі болады.  

- Командада қалуыңыз қаншалықты мүмкін?

- Жауап бере алмаймын. 50-ге 50. Кішкене күте тұрыңыздар. 

- «Астана» Агим Ибраимиді трансферге қойды, сондай-ақ жаңа шабуылшы Аздрен Лулакуны сатып алды. Бұл туралы не айта аласыз? 

- Мен де бұл туралы ғаламтордан білдім. Бұл клуб басшылығының шешімі. Мен ештеңе айта алмаймын. Команданы күшейту мақсатында жаңа шабуылшы шақыртылды. 

- Келесі маусымды «Астана» Алматыда өтетін ел Суперкубогы үшін кездесумен бастамақ...  

- Шешімді біз қабылдамаймыз. Бізге футбол ойнау үшін қолайлы жағдай жасалса болды. Әрине, өз алаңымызда өнер көрсетсек жақсы болар еді. Бірақ Алматы қаласында да ойнауға дайынбыз. Алаңның сапасы жоғары деңгейде болады деген ойдамыз.