Астана әкімінің жаңажылдық шыршасына 300 бала қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада қаланың кішкентай тұрғындары үшін сиқырлы мерекелік оқиғалар кезеңі басталды. Қаланың барлық ұйымдарында жаңажылдық шырша мерекелері өтуде. Қала әкімінің атынан осындай шара 27 желтоқсан күні сағат 11-де Оқушылар сарайында өтеді, шырша тойына 300 жетім-бала мен ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар, айрықша қажеттіліктері бар балалар мен дарынды бүлдіршіндер шақырылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қыметі.
