Қазақстанда жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші төмендеуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда соңғы 7 жылда миокардтың жіті инфарктінен болатын өлім-жітім 2009 жылғы 3 мың 476 адамнан 2015 жылы 1 мың 876 адамға, яғни 1,8 есеге азайды. 2016 жылғы 10 айдағы өлім-жітім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 12,18 болды. Бұл өткен жылдың аталған уақытымен салыстырғанда 12,1%-ға төмен (2015 жылғы 10 айда - 13,86) болды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен.
