ru24.pro
Новости по-русски
Декабрь
2016

Елордадағы теміржол вокзалының автотұрақ аймағы ҚТЖ-дан әкімдіктің қарауына өтеді

0

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың басынан бастап елордадағы теміржол вокзалының автотұрақ аймағы ҚТЖ-дан елорда әкімдігінің қарауына өтеді. Осыған байланысты және елорда тұрғындары мен қонақтарынан шағымдардың көптеп түсуіне байланысты Астана әкімі теміржол вокзалында көшпелі кеңес өткізді. Сейсенбі күні кешке Әсет Исекешев вокзалға өзі барып, халықтың шағымдары жедел шешім қабылдауды талап ететініне көзі жетті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.