Иркутскте адамдардың «Долана» сұйықтығынан улануына байланысты қазақстандықтарға ескерту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Ресей Федерациясының бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып, РФ Иркутск облысы тұрғындарының жаппай улануының тіркелу фактілері туралы хабарлады.