Мәжіліс Ресейге Ембі полигонын жалға беруді тоқтату туралы заң жобасымен жұмысты бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісі «1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федарациясы арасындағы Ембі полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімнің және 1996 жылғы 18 қазандағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы Ембі сынақ полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) жалдау туралы шарттың қолданысын тоқтату жөніндегі шаралар туралы Қазақстан мен Ресей арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
