Тәуелсіздік мерекесіне орай Қызылорда облысында әлеуметтік нысандар ашылды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Жосалы кентінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен аймақтық-өлкетану мұражайы мен Оқушылар үйінің ашылу салтанаты өтті.