Заңнамаға салық салу мен кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде салық салу мен кедендік әкімшілендіру жүйесін жетілдіруге жете көңіл бөлініп келеді, себебі, бұл - уақыт талабы. Әлемнің 200-ден астам елі өзінің салық тетігін тиімді пайдаланып, ішінара салық саясатын өзгерте отырып, экономикалық өсімге қол жеткізіп отыр. Сауатты салық саясаты өркендеп дамып, ұлттық экономикамыздың әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігінің артуына серпін бермек. Сондай-ақ салық жүйесін жетілдіру арқылы бюджет кірісін молайтудың оңтайлы жолы қарастырылмақ.