Астанадағы дағдарыс орталығы құрылғанынан бері 400-ден астам әйелге қолдау көрсеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Ұлы дала елі» 25 игі іс» акциясы шеңберінде Астана қаласы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшелері Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған дағдарыс орталығында болды. Қонақтар орталықтан пана тапқандарға сыйлықтар тарту етіп, әйелдер мен балалардың мұндай жерлерге келу себептерін талқылады.