ҚР Бас прокуроры ШЫҰ-ға мүше елдердегі әріптестерімен кездесті
БЕЙЖІҢ-САНЬЯ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚХР-дың Хайнань провинциясы Санья қаласында Қазақстанның Бас прокуроры Жақып Асанов Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорларының 14-ші отырысына қатысты, деп хабарлады Қытайдан «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.