Жол-көлік оқиғаларының алдын алудың онкүндігі басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанда жолдағы жарақаттану мен өлім-жітімнің көрсеткішін төмендету мақсатында ҚР ДСӘДМ салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының ұйымдастыруымен жол-көлік жарақаттануларының алдын алудың жыл сайынғы «Назар аударыңыз, бағдаршам!» онкүндігі басталды.