ru24.pro
Новости по-русски
Август
2016

Қызылорда облысында биыл 19 мыңдай бүлдіршін бірінші сыныпқа барады

0

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Биылғы жаңа оқу жылында  Қызылорда облысы бойынша 299 мектептің бірінші сыныбына шамамен 19 мың бала барады. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев көрсеткіш былтырғыдан 6 мыңға артқанын жеткізді. Бірінші сынып оқушылары жаңартылған мазмұнда білім алады. Одан бөлек, бірыңғай мектеп формасы енгізілмек.