Қазақстанда тегін медициналық көмек шеңберінде 2017 жылға арналған дәрілік заттардың тізімі бекітілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығымен 2017 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі бекітілді.