Астанада жаяу жүргіншілер жолағы ақ-сары түспен белгіленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 тамызда басталған «Назар аударыңыз! Балалар!» жедел алдын алу іс-шарасы осы айдың соңына дейін жалғасады. Шара аясында Астанада Бөкейхан көшесінде М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының жанындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде алғаш рет ақ-сары түсті белгі салынды. Бұл туралы қала әкімдігінң сайты хабарлады.