2016 жылдың 5 айында Қазақстан Қытайға 465 тонна балық жеткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда негізінен Қазақстанның көксерке, мөңке балық, алабұға, шортан, сазан және ақтабан балықтары сұранысқа ие. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде тілшілермен кездесу барысында ҚР АШМ вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім етті.