Астанада атты патруль қоғамдық тәртіпті қорғайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының ІІД жол-патрульдік полиция полкінің кавалериялық взводы қаланың шетінде, саяжайлар мен саябақ аумақтарында күн сайын рейд өткізеді. Атқа мінген тәртіп сақшылары патрульдік машиналар өте алмайтын жерлерде қызмет атқарады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.