Алматыда өзен суының түсі өзгеруіне қатысты құзырлы орган зерттеу жұмысын қолға алды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің қызметкерлері Түркісіб ауданында қызғылт түске боялған өзеннің суын сараптамадан өткізіп жатыр. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы бойынша Экология департаменті зертханалық бөлімінің бастығы Айтқұл Халелов хабарлады.