Жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар пойыздың жүру кестесі өзгерді - ҚТЖ
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ Алматы-Шу учаскесінің Көктөбе- БП3778 аралығында құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 2016 жылғы 26 тамызда сағат 8.30-дан сағат 18.30-ға дейін бірқатар жолаушылар пойызының қозғалысы өзгереді.