Ұлы Даланың ұлы анасы ұлықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ тарихында елдің бірлігі мен ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан ғазиз аналарымыз бен ерлік жолында есе бермеген қайсар қыздарымыз аз болмаған. Бұл жөнінде аз айтылып, кем жазылып жүрген жоқ. Алайда, осы бағытта ана болмысын архитектуралық көріністе сипаттау кемшін соғып келді. Осы олқылықтың орнын толтыру жолында игілікті іс атқарылып жатса, оны неге өзгеге үлгі ретінде көрсетпеске.