Жексенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың орталығында, шығысында, оңтүстіктің таулы аудандарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.