«Қазақстандық салмақта» дес бермеген қазақ боксшылары
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан 2004 жылдан бері Олимпиада Ойындарында 69 келі сақмақта қатарынан төрт алтын медаль алды. Бұл салмақты иемденіп алған қазақ боксшылары барша әлем жұртшылығының таңдайын қақтырды. Бүгін Рио-2016 Олимпиадасында Данияр Елеусіновтің жеңісінен соң, ВВС және Daily Mail сынды алпауыт агенттіктер 69 келідегі сайысты «қазақстандық салмақ» деп атап, жар салды. Бұның да өзі біз үшін абырой болғаны анық.