«Құланшы» қазіргі заманғы өнер орталығы: көрмеден шеберлік сыныптарға дейін (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Құланшы» қазіргі заманғы өнер орталығы 2007 жылы ашылды. Орталықта отандық және шетелдік суретшілердің көрмелері, шеберлік дәрістері жиі өткізіліп тұрады. Сондай-ақ үлкендерге және балаларға арналған бейнелеу өнерінің студиялары жұмыс істейді, деп хабарлады Астана қаласы әкімінің ресми сайты.